Туберкулез — көбінесе өкпені зақымдайтын, бірақ басқа ағзаларды да зақымдауы мүмкін жұқпалы ауру. Ауруды Mycobacterium tuberculosis бактериялары қоздырады.
Туберкулез әлемдегі ең қауіпті жұқпалы аурулардың бірі болып қала береді. Күн сайын 4 100-ден астам адам туберкулезден қайтыс болады және шамамен 30 000 адам алдын алуға және емдеуге болатын осы ауруға шалдығады.
Қазақстан — туберкулезді ерте анықтау, емдеу және алдын алу бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес ең заманауи әдістер енгізілген санаулы елдердің бірі.
Сонымен қатар, елімізде туберкулездің алдын алу, диагностикасы және емі барлық азаматтар үшін тегін жүргізіледі.







