2026 жылғы 16 шілдеде Маңғыстау облыстық фтизиопульмонология орталығының базасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығы директорының 2026 жылғы 23 маусымдағы №01-01-174 әдістемелік хатына сәйкес облыстың алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) ұйымдарының фтизиатр дәрігерлеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өкпе туберкулезінің ерте қайталану жағдайларының алдын алу, сондай-ақ өкпенің жайылған туберкулезімен ауыратын пациенттерге тереңдетілген микробиологиялық мониторинг жүргізу алгоритмін түсіндіру және тәжірибеде тиімді қолдану мәселелерін талқылау болды.
Семинар барысында қатысушыларға:
🔹 тереңдетілген микробиологиялық мониторинг жүргізу тәртібі;
🔹 туберкулездің қайталану қаупін төмендетуге бағытталған профилактикалық шаралар;
🔹 клиникалық жағдайларды талдау және практикалық ұсынымдар ұсынылды.
Шараға облыстың барлық АМСК ұйымдарының фтизиатр дәрігерлері қатысып, өзара тәжірибе алмасып, өзекті сұрақтарды талқылады.
Осындай білім беру іс-шаралары мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, медициналық көмектің сапасын жақсартуға және туберкулезбен күрес жұмысының тиімділігін күшейтуге бағытталған.