fd765dc0-ac06-49d3-892e-4c4fdcf813c0

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау облыстық  фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі- МОФО) сіздерді біздің ресми сайтымыздың беттеріне қарсы алады.

Біздің аурухана Облыстағы туберкулезге қарсы қызметті үйлестіруші, өңір тұрғындары мен медициналық ұйымдарға туберкулезге қарсы  ұйымдастыру-әдістемелік, тәжірибелік және кеңес беру көмегін көрсететін мамандандырылған диагностикалық және емдеу  мекемесі болып табылады.

2014-2022 жылдар аралығында туберкулезге қарсы қызметті қайта құру аясында облысымызда 190 туберкулезге қарсы төсек оңтайландырылды және де екі аудандық туберкулез ауруханасы жабылды (Бейнеу және Түпқараған аудандары). 2016 жылы фтизиатр мамандарын БМСК ұйымдарына заңды өткізу – интеграцияның көлденең деңгейі толықтай аяқталды. Облыс әкімінің 2020ж.13.08. №122 «Денсаулық сақтаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысымен «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» ШЖҚ МКК  мен «Жаңаөзен ауданаралық туберкулез ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның бірігуі арқылы «Маңғыстау облыстық фтизиопульмонология орталығы»  құрылып, интеграцияның тікелей деңгейі аяқталды.

Ақтау қаласы, 1-ш/аудан, Ауруханалар қалашығында орналасқан және алғаш рет 1973 жылы Жаңаөзен туберкулезге қарсы диспансері базасында ұйымдастырылып, терапевтік, балалар және рентгендік диагностика бөлімдерінен тұрған, 1992 жылы  Ақтау қаласына көшірілген.

Қазіргі таңда МОФО төмендегідей құрылымнан тұрады:

  1. 100 төсектік Аурухана, соның ішінде:

— 25 төсектік оның ішінде 5 төсек орны созылмалы науқастарды симптоматикалық емдеуге арналған, №1 Ауқымды дәріге төзімді (ШЛУ ТБ) бактерия бөлетін ТБ науқастарын емдейтін өкпе емдеу бөлімі;

— 20 төсектік, №2 Көп дәріге төзімді (МЛУ) бактерия бөлетін ТБ науқастарын емдейтін өкпе емдеу бөлімі;

— 20 төсектік, № 3 Көп дәріге төзімді (МЛУ) бактерия бөлінбейтін науқастарды емдейтін өкпе емдеу бөлімі;

— 20 төсектік, №4 Балалар мен жасөспірімдерді емдейтін өкпе емдеу бөлімі;

—  15 төсектік, № 5 Төзімділігі сақталған ТБ науқастарын емдейтін өкпе емдеу бөлімі.

  1. II. Қосалқы қызметтер мен кабинеттер:

—  Рентгенологиялық бөлімше: екі стационарлық — рентгендиагностикалық

кешен мен 2 жылжымалы флюороқондырғы;

—  Зертхана бөлімшесі: бактериологиялық және клиникалық-диагностикалық

зертхана;

—  Физиотерапевтік  кабинет;

—   Ультрадыбыстық диагностика (УЗИ) кабинеті;

—   Дәрі-дәрмек қоймасы.

III. Әкімшілік- шаруашылық бөлім:

—  Әкімшілік;

— Қаржы-экономиялық бөлімше;

— Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау бөлімшесі;

— Мониторинг және бағалау бөлімшесі;

— Асүй (ас дайындау блогі).

Орталықтың мамандар құрамы:  дәрігерлер — 19, оның ішінде 10 дәрігер  — біліктілік санаты бар мамандар. Орта буын медициналық қызметкерлер саны – 60, олардың 48-і — біліктілік санаты бар мейірбикелер. Дәрігерлер мен орта буын медқызметкерлерінің мамандар сертификаты бар және олар жүйелі түрде ҚР-ның дипломнан кейінгі білім беру мекемелерінде кәсіби біліктілігін арттырып отырады.

Облыс көлемінде, туберкулездің ауыртпалығын азайту мақсатында, алдын алу іс-шаралары күшейтілуде, туберкулез және дәрілік төзімділігі бар туберкулезді  диагностикалап, емдеудің заманауи тиімді технологиялары уақытылы енгізіліп, қолданылуда.

МОФО жанында халықаралық стандартқа сәйкес туберкулезді шұғыл түрде диагностикалаудың жаңашыл зертханалық технологиялары жұмыс жасайды:

-2 сағат ішінде туберкулездің болуы мен рифампицинге төзімділікті анықтауға мүмкіндік беретін толықтай автоматтандырылған жүйелер — 4 модульді GENE-XPERT аппараты және XDR GENE-XPERT қондырғылары;

— 2 күн ішінде молекулярлық-генетикалық әдіспен туберкулез микобактериясын тауып, науқастың туберкулез  дәріге қарсы төзімділігін анықтайтын  тест-жүйе, HAIN аппараты;

балаға- микобактерияны тауып, оның бірінші, екінші қатар дәрілеріне дәрілік төзімділікті анықтайтын және  14-21 күн ішінде нақты нәтиже алуға мүмкіндік беретін Bactec MGIT 960 – автоматтандырылған жүйесі.

Соңғы 10 жылда Маңғыстау облысында туберкулезбен аурушаңдық пен өлім-жітім деңгейі тұрақты төмендеу тенденциясына ие, егер 2014 жылы туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 71,2 болса, 2023 жылы 100 мың адамға шаққанда 31,8-ді құрады, төмендеу қарқыны – 55,3%, 2014 жылы өлім-жітім көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 5,4- ті құраса, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда 0,8-ді  құрады, төмендеу қарқыны – 85,2 %.

Туберкулез ауруын анықтау, есепке алу, сондай-ақ амбулаторлық сатыда емдеу, диспансерлік бақылау науқастың тіркелген жері бойынша медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.

2 топ диспансерлік контингенті-емдеу курсын сәтті аяқтап бітірген және туберкулездің белсенділігі жойылған адамдары сауықтыру емін алу үшін облыстық көлемінде Е. Оразақов атындағы шипажайға жіберіледі.

 

 

 

 

1 комментарий для “Орталық туралы

  1. Привет! Это комментарий.
    Чтобы начать модерировать, редактировать и удалять комментарии, перейдите на экран «Комментарии» в консоли.
    Аватары авторов комментариев загружаются с сервиса Gravatar.

Добавить комментарий для Автор комментария Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *