Іс-шараның негізгі мақсаты – денсаулық сақтау саласында тіл саясатын дамыту, медициналық қызмет көрсету барысында мемлекеттік тілдің рөлін арттыру және пациент пен дәрігер арасындағы өзара түсіністікті нығайту болды. Кездесу барысында медицина саласындағы тіл мәдениеті, сапалы коммуникация орнату, сондай-ақ көрсетілетін қызметтің тиімділігін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Дөңгелек үстелде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, медициналық құжат айналымын қазақ тілінде жүргізу және пациенттердің өз денсаулығы туралы ақпаратты түсінікті әрі қолжетімді тілде алу құқығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, цифрлық денсаулық сақтау жүйелерінде қазақ тілінің үлесін арттыру және қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеру қажеттілігі атап өтілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша медициналық ұйымдарда мемлекеттік тілде қызмет көрсету стандарттарын енгізу, медицина қызметкерлерінің тілдік құзыреттілігін жетілдіру және ақпараттық жүйелерді дамыту бағытында нақты ұсыныстар қабылданды.
Дөңгелек үстел – сала мамандары үшін тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға мүмкіндік берген маңызды алаң болды.