«Маңғыстау облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК даму стратегиясы
1-бөлім
Орталықтың даму стратегиясы – бұл ұйымның негізгі ұзақ мерзімді мақсаттарын айқындау, сол мақсаттарға жету үшін іс-қимыл бағытын бекіту және қажетті ресурстарды анықтау.
1.1. Миссия
Облыс тұрғындарының денсаулығын жақсарту – туберкулез және бронхөкпе ауруларын диагностикалау мен емдеу бойынша білікті, мамандандырылған медициналық көмек көрсету арқылы жүзеге асырылады.
1.2. Көзқарас (Vision)
Ұлттық стандарттарға сай келетін сапалы әрі жоғары деңгейдегі медициналық қызмет көрсететін облыстағы жетекші фтизиопульмонология орталығы болу.
1.3. Құндылықтар мен этикалық қағидаттар
Біздің басым міндеттеріміз:
• Облыста халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін жоғары деңгейдегі мамандандырылған медициналық қызметтің жетекші жеткізушісі болу;
• Жоғары білікті мамандардан құралған кәсіби команданы қалыптастыру;
• Пациентке бағдарланған медициналық көмек көрсету жүйесін дамыту;
• Кәсіби білім мен дағдыларды үздіксіз жетілдіру;
• Диагностика мен емдеудің заманауи әдістері мен инновациялық технологияларын енгізу арқылы нәтижелер сапасын арттыру.
Стратегиялық мақсаттар:
Белгіленген миссияға сүйене отырып, медициналық орталық келесі стратегиялық мақсаттарды айқындайды:
1. Медициналық көмектің тұрақты әрі жоғары сапасын қамтамасыз ету;
2. Орталықты басқару жүйесін жетілдіру және дамыту;
3. Пациенттердің медициналық қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру;