Бисен Алмабек Қонарбаевич — «Маңғыстау облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК директорының міндетін атқарушы.
Туған күні: 1956 жылғы 17 қыркүйек.
Білімі
1981 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Гигиена, санитария, эпидемиология» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы
• 1981–1994 жж. — Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінде жұмыс істеп, эпидемиолог дәрігерден аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның бас дәрігеріне дейінгі еңбек жолынан өтті.
• 1994–2001 жж. — Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының «Ақтау теңіз порты» санитариялық-карантиндік бөлімінің меңгерушісі.
• 2001–2002 жж. — Ақтау қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.
• 2002–2007 жж. — Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының туберкулезге қарсы күрес және шекараларды санитариялық қорғау бөлімінің басшысы.
• 2007–2009 жж. — Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
• 2009–2010 жж. — Маңғыстау облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері қызметін атқарды.
• 2010–2016 жж. — Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
• 2017–2024 жж. — Маңғыстау облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры қызметін атқарды.
• 2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін — «Маңғыстау облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК директорының міндетін атқарушы.
Құттықтау сөзі
Жеке блогыма қош келдіңіздер!
Осы блог арқылы Сіздерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап беруге, сондай-ақ облыстық фтизиопульмонология орталығы қызметіне қатысты ұсыныстарыңызды қарастыруға тырысамын.
Құрметпен,
Алмабек Бисен